Тауардың шығу тегі мен елін анықтау сараптамасы
Біздің компания тауардың шығу тегі мен елін анықтау сараптамасын тауардың шығуына сертификат алу мақсатында келесі форма бойынша жүзеге асырылады:
1) «СТ-1» сертификат формасы – Қазақстан Республикасынан Тәуелсіз Мемлекеттік Достығына шығарылған өнімдерге;
2) «СТ-2» сертификат формасы – Қазақстан Респудликасынан шыққан еркін сауда саттықпен келісімі жұмыс істейтін, Тәуелсіз Мемлекеттік Достығын санамағандағы тауарлар;
3) «А» сертификат формасы – тауарлар Еуропалық Одаққа, және де АҚШға, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жана Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға, Генералдық жүйенің преференция аралығында экспортталады;
4) «Оригинал» сертификат формасы – мемлекеттен шығатын тауарларға ағылшын немесе орыс тілдерінде (өтінуші анықтайды), 1),2),3) тармақшаларында көрсетілмеген;
5) СТ KZ сертификат формасы – Қазақстан Республикасының ішкі айналысы үшін.
Тауардың шығу тегі жайлы сараптама Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрілігінің 2015 жылғы 24 ақпан № 155 бекітілген бұйрығымен тауарлардың шығарылған елін анықтау, тауарлардың шығу тегі туралы сертификат және оның тоқтатылуы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады (жүктеу), әрі қарай Ереже, тапсырыс тiркелген кезден бастап , сондай-ақ өтiнiш берушi тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті ұсынылуы негізінде жиырма төрт сағат iшiнде тауарлардың шығарылған елін анықтайтын сарапшы-аудитормен шарт пен өтініш негізінде (жүктеу) келесі тізімге сәйкес жүзеге асырылады :
— экспорттық операциялар үшін(жүктеу);
— ішкі айналым үшін (жүктеу).
Шығу тегінің сараптамасы мыналарды қамтиды:
1) ережеге сәйкес , тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасы;
2) өндіріс орнына шығып, таңбалануына (аты, түрі, буманы, класс, өндірушісіне ), сыртқы белгілері арқылы тауарларды сәйкестендіру;
3) тауардың өндіру процесінде қайта өңдеудің жеткілікті критериі мен қосылған тауардың құнын анықтау мақсатында технологиялық процесске экспертиза өткізу;
44) нақты Ережелер формуласына сәйкес жергілікті құрамның үлесін анықтау.
Экспертиза актісін рәсімдеген соң өтінуші құжаттарды Қазақстан Республикасының Жергілікті Кәсіпкерлер палатасына өтінген тауардың шығу тегі сертификатын алу үшін тапсырады.