«QS Azia Sertiк» компаниясының тарихы

«QS Azia Sertik» ЖШС Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ретінде тіркелген және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Сәйкестікті растау органы « QS Azia Sertik » ЖШС (бұдан әрі СРО « QS Azia Sertik » ЖШС) басқару жүйесі , өнімдер мен сараптама сертификаттау саласында қызмет көрсететін, жас өсіп келе жатқан және серпінді ұйым болып табылады .Менеджмент жүйесі бойынша KZ. О.00.0305 аккредиттелген және өнім бойынша аккредиттеу куәлігі KZ. О.02.0802.

«QS Azia Sertik» ЖШС Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде ҚР СТ ИСО / МЭК 17021-2012 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелерін аудит және сертификаттауды қамтамасыз ету органдарына қойылатын талаптар” стандарты бойынша сәтті аккредитациядан өткен және менеджмент жүйелерін сертификаттайтын алғашқы органдарының бірі болып табылады.

Энергияны ұтымды және тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру сәйкестігінше , компания , энергия менеджменті жүйесін сертификаттауды енгізген алғашқылардың бірі болып табылады.

«QS Azia Sertik» ЖШС құрамына құрылыс өнімдерін , жеңіл өнеркәсіп өнімдері , азық-түлік өнімдері мен электр , электрондық , кабельдік өнімдер сынайтын аккредиттелген Сынақ Орталығы кіреді. Сынақ орталығы қазіргі заманауи тексерілген сынақ жабдықтарымен қамтылған.

Компанияда білікті де құзыретті, ғылыми дәрежелі, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесінде көп жылдық тәжірибесі бар және түрлі салада дәрежелі аудит сарапшы мамандары жұмыс істейді.

«QS Azia Sertik» ЖШС «DQS Holding GmbH» халықаралық сертификаттау органының Қазақстандағы ресми өкілі болып табылатын “DQS Certification KZ (ДКюС Сертификейшен КЗ)” ЖШС-мен әріптес болып табылады. Бұл ынтымақтастық өз кезегінде басқару жүйелерін сертификаттауды халықаралық деңгейде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

«QS Azia Sertik » ЖШС сертификаттаумен қатар екінші жақ ретінде ішкі аудиттер өткізуге көмек көрсетеді, тренингтер, оқыту семинарларын жүргізеді.

Еліміздің саясатында белсенділік танытып, атап айтқанда, сапаны қамтамасыз ету саласындағы материалдарды қарастыруға, нормативтік құжаттарды әзірлеуге, регламент жобасының стандарттарына ұсыныстар мен ескертулер енгізуге ат салысады.

Қазіргі уақытта, қоғамдық денсаулықты сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «QS Azia Sertik » ЖШС азық-түлік өнімдерінің зиянды заттарын анықтау үшін жаңа әдістер әзірлеп, жаңа стандарттар енгізуді іске асырып жатыр.

«QS Azia Sertik» ЖШС компаниясы тек Қазақстан Республикасының аймағындағы ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетел кәсіпорындары мен ұйымдарына қызметтерін ұсынады.

Біздің жетістіктер

 

diploms16diploms17diploms14diploms8diploms6diploms7diploms5diploms3diploms1diploms2diploms15diploms13diploms12diploms11diploms10diploms4

БАЙЛАНЫСУ

Сәйкестікті растау органы

«QS Azia Sertik» ЖШС

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАР

+7 (727) 266-62-07

+7 (727) 266-83-57

+7 (701) 777 99 55

БІЗДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА:

INFO@QSAS.KZ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Березовский к-сі, 13 (Розыбакиев к-сінің қиылысы)

НАҚТЫ МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050059, 7 үй, "Нұрлы Тау"бизнес орталығы, 4А блогы, 14 қабат, 67 офис

Сұрақтарыңыз барма?